homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Доллар арзандады

04.02.2026, 13:01

Қазақстандағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

4 ақпан сағат 11:00-дегі жағдай бойынша Астанада доллар 505 теңгеден сатылып, 497–498 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаның сату бағамы 501–502 теңге, сатып алу бағамы орта есеппен 498–499 теңге деңгейінде қалыптасты.

Салыстыру үшін айтсақ, 3 ақпанда Астанада доллар орта есеппен 508,37 теңгеден сатылып, 501,50 теңгеден сатып алынған. Алматыдағы айырбастау пункттерінде сол күні сату бағамы 506,73 теңге, сатып алу бағамы 504,38 теңге болған. 3 ақпандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасы алаңында доллардың орташа өлшенген бағамы 503,44 теңгені құрап, 1,73 теңгеге төмендеді.

Еске салайық, 23 қаңтарда Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдап, оны 18 пайыз деңгейінде сақтаған болатын. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме алдағы алты айда осы деңгейде қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл шешім инфляциялық қысымды тежеу және бағаның өсу қарқынын баяулату мақсатында қабылданған. Сонымен бірге, егер қабылданған шаралар жеткіліксіз болса, Ұлттық банк ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдатуға дайын екенін де атап өтті.