homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Түлкібас ауданында ер адам уланып қайтыс болды

04.02.2026, 12:33

Түркістан облысы Түлкібас ауданында жеке тұрғын үйде көмірқышқыл газынан улану дерегі тіркеліп, ер адам қайтыс болды, ал оның жұбайы ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ерлі-зайыптылар тұрып жатқан үй көмірмен жылытылған. Қауіпсіздік талаптары сақталмай, пештің түтін мұржасы тазаланбаған.

«1 ақпан күні сағат 07:51-де жеке тұрғын үйде қатты отынмен жұмыс істейтін жылыту пешін пайдалану талаптарының бұзылуы, нақтырақ айтқанда түтін мұржасының тазаланбауынан көмірқышқыл газымен улану дерегі тіркелді», – деп хабарлады департамент.

Оқиға салдарынан ер адам көз жұмды, ал әйелі ауыр жағдайда аудандық ауруханаға жеткізілген. Кейін ресми дерекке сәйкес, әйелдің жағдайы тұрақталып, туыстары оны ауруханадан алып кеткен. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар бұл үйді жалдап тұрған.