ҚР Экология министрінің қатысуымен өткен жиында ол қаланы экологиялық апат аймағы деп тануды сұрады. Дәлел ретінде – облыстағы онкологиялық аурулардың статистикасын келтірді
«Бізде өлім-жітім мен бала мүгедектігі жоғары. Өте кең тараған ауру – кәрілік деменция. Өздеріңіз білетіндей, тау жыныстарын шаймалаудың варварлық әдістерін қолданатын ірі тау-кен кәсіпорындары бар. Мен әртүрлі деңгейде біздің ауданды экологиялық апат аймағы деп тану туралы өтініш жасадым. Кәсіпорындар мұндай әдістерді тек мұнда ғана емес, бүкіл Қазақстанда қолданатынын түсінемін. Бірақ Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қайда қарап отыр?”,- дейді ол.
Алмагүл Омарова Пригородное ауылы маңындағы элеватордың жарылғанын еске салды. Өз кезегінде Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ведомство Қостанай облысында күкірт диоксидінің көбею деңгейін тіркеп жатқанын айтты.
Дегенмен Ерлан Нысанбаев қоғам белсендісінің сөзіне күмәнмен қарады.
«Бәрі сенің белсенділігіңе байланысты!» – деген министр әріптестерін жергілікті халықтың пікірімен санасуға шақырды.
«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.