homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Базарбек: Жерді шетелдіктерге сату туралы әңгіме - манипуляция

04.02.2026, 12:09

«Жаңа Конституция бойынша жер шетелдіктерге сатылады» деген ақпаратты таратқандар манипуляция жасап отыр дейді депутат Бақытжан Базарбек. Оның айтуынша, жаңа Конституция жобасында жерді сатуға мүмкіндік беретін бірде-бір норма қарастырылмаған.

“Оның үстіне, Конституцияның қазіргі редакциясындағы 6-бап еш өзгеріссіз жаңа Конституцияның 8-бабының негізіне алынған. Нақтылық үшін осы норманы оқып өтейін: “Жер және оның қойнауы, су ресурстары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттарда және шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін”, – деп нақтылады ол.

Депутаттың сөзінше, осыған қарамастан «жерді сату» туралы әңгімелердің таралуы негізсіз.

«Сондықтан “жерді сату” туралы барлық әңгімелер – бұл не құқықтық сауатсыздық, не саналы түрде жасалған манипуляция», – деді Бақытжан Базарбек.