homepage
Фото: СhatGPT арқылы жасалды

Жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы өтіліне қосылады

04.02.2026, 11:32

Жұмыс істемейтін әкелердің бала күтіміне арналған демалыста болған уақыты зейнетақы тағайындау кезінде еңбек өтілі ретінде есепке алынатын болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Тиісті заңды Мәжіліс қабылдады. Құжатқа сәйкес, кәмелет жасына толмаған баланы нақты күткен кезең енді жұмыс істемеген әкелерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу барысында еңбек өтіліне қосылады. Бұл өзгерістер Конституциялық соттың нормативтік қаулысын орындау мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі.

Сонымен қатар, жұмыс берушінің бастамасымен жалғыз баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға қатысты (жынысына қарамастан) еңбек шартын бұзуға тыйым салу нормасы енгізіледі. Осыған байланысты заңнамадағы «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп қайта қаралады.