Биыл Қазақстанда 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі жазды, деп хабаралайды Juzmedia.kz.
Үкімет қаулысына сәйкес, олардың 700-і Қарулы күштердің қатарына, 80 офицер Шекара қызметіне, 64 офицер Ұлттық ұланға, ал 15 офицер Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі.
«Шақыру ең қажетті әскери есептік мамандықтар бойынша жүргізіледі. Олардың қатарында авиациялық, инженерлік, артиллериялық, радиотехникалық, әскери-тасымалдау, медициналық, тылдық, ақпараттық және барлау бағыттары бар», – деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, денсаулығы жарамды және тиісті әскери мамандығы бар 29 жасқа дейінгі запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады. Ал медициналық мамандық иелері үшін жас шегі 32 жасқа дейін белгіленген.