homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Испания да балаларға әлеуметтік желіге тыйым салмақ

04.02.2026, 10:00

Испания 16 жасқа толмаған ел тұрғындарына әлеуметтік желіге шектеу қоймақ. Елдің премьер-министрі Педро Санчестің айтуынша, жаңа ереже кәмелетке толмағандарды цифрлық қауіп-қатерден қорғау үшін енгізілмек. Осыған байланысты әлеуметтік желі платформалары пайдаланушылардың жасын нақты анықтайтын тиімді тетіктерді енгізуге міндеттеледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Испания министрлер кеңесі бұл бастаманы келесі аптада мақұлдауы мүмкін. Бұл талапты бұзған сервистерге қатаң жауапкершілік шаралары қарастырылмақ.

Билік өкілдерінің түсіндіруінше, шешім жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау, интернеттегі зорлық-зомбылық, тәуелділік пен манипуляция қаупін азайту мақсатында қабылданып отыр.