homepage
Фото: consot_kz

Мемлекетті қорғау керек: Қарин қазақ тіліне қатысты пікір білдірді

03.02.2026, 20:31

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституция жобасындағы қазақ тілі мәртебесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Juzmedia.kz

«Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, 9-бап 1-тармақта «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу, ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік тіл жоқ. Тіліміз биік тұғырда. Өз орнында. Мемлекет барда ол ешқашан тұғырдан түспейді. Сол үшін мемлекетті сақтау керек, мемлекетті қорғау керек, ең бірінші ел бірлігін ойлау керек», – деді Қарин.

Конституция жобасының мәтіні жарияланғаннан кейін халықтан төрт мың хат түскен.