homepage
Фото: gov.kz

Екінші АЭС қайда салынады?

03.02.2026, 15:01

Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулыға сәйкес, екінші АЭС Алматы облысы Жамбыл ауданында салынады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңына сәйкес үкімет: “Екінші атом электр станциясы” ядролық қондырғысын салу туралы шешім қабылдасын және ядролық қондырғының құрылыс ауданы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданы айқындалсын», – делінген қаулыда.

Еске салайық, алғашқы атом электр станциясы Алматы облысындағы Үлкен ауылында бой көтереді. Жалпыхалықтық байқау қорытындысы бойынша оған «Балқаш» атом электр станциясы атауы беріледі.