homepage
Фото: depositphotos.com

Уфада оқушы мектепте шабуыл жасады

03.02.2026, 13:36

Уфа қаласындағы гимназияда 9-сынып оқушысы пневматикалық автоматтан оқ атқан. Башқұртстан билігі зардап шеккендер жоқ деп мәлімдеді. Жасөспірім ұсталды, қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Mash дерегінше, жасөспірім әуелі мектепте петарда жарып, травматикалық тапаншамен мұғалімге оқ атқан. Зардап шеккен педагог – Тимур есімді 56 жастағы тарих пәнінің мұғалімі болып шықты (оған бір оқ тиген). Мектепке әкелген оқушының есімі кейін Вадим екені анықталды, ол өзін сыныптастары ренжіткенін айтып, тек осы әрекеті арқылы қорқытқысы келгенін алға тартқан.