homepage
Фото: ҰҚК баспасөзі

Қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

03.02.2026, 13:18

Алматыда қылмыс әлемінің өкілі аса ірі көлемде ақша бопсалауға қатысы бар деген күдікпен қолға түсті. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, күдікті қамауға алынды, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған деп хабарлайды Juzmedia.kz.

ҰҚК хабарламасында қылмыстық әрекеттің мән-жайы нақтыланып жатқанын, тергеу аясында қаңтар айында Шымкентте күдіктінің екі сыбайласының да заңсыз әрекеті тоқтатылғаны айтылған.

Ал қазақстандық БАҚ ұсталған адамның Шымкентте «Кропаль» лақап атымен танымал Асылбек Түлетпеков екенін жазып жатыр. Orda.kz дерегінше, 40 жастағы Түлетпеков бұған дейін, 2004 және 2010 жылдары суық қару ұстау фактісі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.