homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қарағандыда темір кенін ұрлап, шетелге сатқандар ұсталды

03.02.2026, 12:34

Қарағанды облысының прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру және оларды шетелге шығару деректерін әшкереледі, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Прокуратураның мәліметінше, арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген. Нәтижесінде өңірдегі кәсіпорындардың бірі - төрт жыл бойы лицензиясыз темір кенін өндіріп, оны заңсыз шетелге экспорттап келгені анықталды. Аталған әрекеттер салдарынан мемлекетке 2 миллиард теңгеден астам залал келтірілген.

Қазіргі уақытта бұл іс бойынша үш күдікті қамауға алынды. Сонымен қатар құны 500 миллион теңгеден асатын мүлікке тыйым салынған. Қылмыстық іс сотқа жолданып, алдағы уақытта заң аясында қаралатын болады.