homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Баталов Президент кеңесшісі болды

03.02.2026, 12:15

Райымбек Баталов Қазақстан Республикасы Президентінің кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл тағайындауға дейін Райымбек Баталов “Атамекен” Ұлттық кәсіпкерлер палатасын төрт жыл басқарып келген. 

Райымбек Баталов 1998 жылы Қазақ сәулет-құрылыс академиясын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары ірі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларда басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, «Риддер Инвест» металлургиялық кешенінің басқарушы директоры, «Новоджамбыл фосфор зауыты» химия кешенінің жетекшісі болған. Сондай-ақ Тобыл элеваторын, Меркідегі қант зауытын және Шымкент ЖЭО-3 нысанын басқарған. 1992 жылдан бері «Раимбек» сауда фирмасының негізін қалаушы және Raimbek холдингінің директорлар кеңесінің төрағасы.

Ол Қазақстан кәсіпкерлері форумы кеңесінің төрағасы, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Іскерлік кеңесінің басшысы болған, Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата мен Президент жанындағы Кәсіпкерлік кеңестің құрамына кірген. Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық комиссияның кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитетінің тәуелсіз сарапшысы, Президент жанындағы Жоғары реформалар кеңесінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры директорлар кеңесінің және Ұлттық құрылтайдың мүшесі.