Мемлекеттік қызметте жүріп, жұмыс уақытында жаға жыртысқан Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметтерінен кетті, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Бұл туралы бүгін Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлады. Ресми ақпаратқа сәйкес, Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметтен өз еркімен кеткен. Кадрлық шешімнің өзге себептері нақтыланған жоқ.
Еске салсақ, 23 қаңтарда Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында жанжал болғаны туралы ақпарат тараған. Алдын ала мәлімет бойынша, қақтығыс салдарынан Сәпиев дене жарақатын алған, ұрып-соғу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген. Осы жағдайға байланысты өңірлік полиция департаменті тиісті тексеру жүргізілгенін хабарлаған болатын. Кадрлық шешім мен аталған оқиға арасындағы тікелей байланыс ресми түрде расталған жоқ.