Бір айда елімізде 110 сыбайлас жемқорлық фактісі тіркелді. Жыл басынан бері барлығы 126 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған, оның 110-ы сыбайлас жемқорлық қылмыстарына жатады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Негізгі үлес парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану деректерінен тұрады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, 89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылған. Тергеу аяқталған 129 қылмыстық істің 121-і сотқа жолданды. Анықталған материалдық залал көлемі 18 млрд теңгені құраса, бюджетке 100 млн теңгеден астам қаражат қайтарылған.