2029 жылы Қысқы Азия ойындары Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы Азия олимпиадалық кеңесі жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ресми келісімге 5 ақпан күні Милан қаласында қол қойылады деп жоспарланып отыр. Бұған дейін аталған жарысты Сауд Арабиясы қабылдауы тиіс болған. Алайда ел билігі ұйымдастыруды кейінге шегеру туралы шешім қабылдаған.
Соңғы Қысқы Азия ойындары Харбин қаласында өткен. Ол жарыста Қазақстан құрамасы 4 алтын, 9 күміс және 7 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте төртінші орынға тұрақтаған.