Тараз қаласындағы Жаңа Жамбыл фосфор зауытында бір емес екі оқыс оқиға тіркеліп, екі жұмысшы қаза тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ақпаратқа сәйкес, қайғылы оқиғалардың бірі 29 қаңтар күні Жаңа Жамбыл фосфор зауытының №5 цехында тіркелген. Пешпен жұмыс істеу кезінде ыстық фосфорлы жыныс сыртқа төгіліп, бірнеше адамды күйік шалған. Бір жұмысының денесі 45 пайызға күйіп, жансақтау бөліміне жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер оны аман алып қала алмады. Денесін күйік шалған үш адам қалалық ауруханада жатыр.
Екінші қайғылы оқиға тыңайтқыш шығаратын кәсіпорында болған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің жүргізушісін BelAZ самосвалы басып кеткен. Ер адам оқиға орнында қаза тапқан. Аталған дерек бойынша полиция тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Қаза тапқан жұмысшылардың екеуі де Қазфосфат компаниясына қарасты кәсіпорындарда еңбек еткен. Компания оқиғаларға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.