homepage
Фото: gov.kz

Тоқаев Әсет Ерғалиевті өзіне кеңесші етіп тағайындады

02.02.2026, 18:44

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әсет Ерғалиевті өзіне кеңесші етіп тағайындады, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ол Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы қызметін қоса атқаратын болады. Әсет Ерғалиев 1986 жылы Қостанай қаласында дүниеге келген.

2009 жылы Йорк университетін, 2010 жылы Ноттингем университетін (Ұлыбритания) бітіріп, экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен тәмамдаған. Түрлі жылдары атқарушы қызметтерде болып, 2021 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін –Ұлттық экономика министрі болды. 

Еске салайық, Әсет Ерғалиев Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына 2025 жылғы 28 ақпанда тағайындалған болатын.