homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Ауылдықтар азайып барады

02.02.2026, 17:40

Қазақстан халқының саны 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 20,5 млн адамға жетті. Бір жыл ішінде ел тұрғындарының саны 212,6 мың адамға артқан деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, халқы 2 млн-нан асқан өңірлер қатарында Түркістан облысы мен Алматы қаласы бар.
Түркістан облысында 2,15 млн адам тұрады, алайда бір жылда халық саны 5,4 мың адамға азайған.
Алматы қаласының халқы 2,35 млн адамға жетіп, жылдық өсім 55,9 мың адамды құрады.

1 млн-нан астам халқы бар өңірлер:
– Астана – 1,64 млн адам (+109,5 мың);
– Алматы облысы – 1,60 млн адам (+36,2 мың);
– Шымкент – 1,29 млн адам (+37,5 мың);
– Жамбыл облысы – 1,22 млн адам (−7,0 мың);
– Қарағанды облысы – 1,13 млн адам (−2,6 мың).

Ең аз қоныстанған өңірлер:
– Ұлытау облысы – 219 мың адам (−2,3 мың);
– Солтүстік Қазақстан облысы – 514 мың адам (−8,0 мың);
– Абай облысы – 596 мың адам (−7,2 мың).

Қала халқының саны 13,03 млн адамға жетіп, бір жылда 256,7 мың адамға артқан.
Ауылдық жерлерде 7,47 млн адам тұрады, бұл көрсеткіш 44,1 мың адамға азайған.