homepage
Фото: instagram

Нұрлан имам Oskar иеленді

02.02.2026, 17:16

Нұрлан имам спорттың дамуына қосқан рухани үлесі үшін Sport Oskar 2026 халықаралық сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Бұл туралы блогер Жұлдызай Смайлова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, марапат АҚШ-та өткен халықаралық шара барысында табысталған.

«Бүгін біздің ағатай Американың төрінде бір емес, бірнеше марапат алды. Спорт пен өнер саласына қосқан үлесі және әлемде бейбітшілік болсын деген ұстанымы үшін сыйлық берілді. Құтты болсын!» – деп жазды Смайлова.

Нұрлан имамның өзі алған марапаттарын көрсетіп, фотосуреттерін әлеуметтік желіде бөлісті. Айта кетейік, Нұрлан Байжігітұлы 2024 жылдың қаңтарында АҚШ президенті Джо Байденмен, ал 2025 жылы Дональд Трамппен кездескен болатын. Sport Oskar марапатын түрлі жылдары Талғат Ермегияев, актер Санжар Мәди, продюсер Дәурен Мұса секілді қазақстандықтар иеленген.