homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Қырғызстанда жыныс өзгертуге тыйым салу ұсынылды

02.02.2026, 16:05

Қырғызстанда биологиялық жынысты өзгертуге тыйым салынбақ. Заң жобасына сәйкес, азаматтың өтініші, медициналық қорытынды немесе сот шешімі негізінде мемлекеттік құжаттардағы жыныс туралы мәліметті өзгертуге тыйым салынады деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Құжатта жынысты ауыстыруатын хирургиялық операцияларға, гормоналды терапияға да тікелей шектеу енгізу қарастырылған. Мұндай медициналық араласуларға тек жыныс дамуының туа біткен ақаулары болған жағдайда және нақты медициналық негіздер бар кезде ғана жол беріледі.

Бастамашылар гендер ұғымын дәстүрлі түсіндіруді және оның қоғамдағы рөлін заң жүзінде бекітуді ұсынады.

«Бұл тәжірибе қырғыз қоғамында тарихи және мәдени негізге ие емес, сонымен қатар демографиялық саясатқа, қоғамдық адамгершілікке, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің тұрақты дамуына жүйелі қатер төндіреді», – делінген заң жобасына қоса берілген анықтамада.

Айта кетейік, Қазақстанда да депутаттар жыныс ауыстыруға тыйым салу мәселесін көтерген. Кейбірі трансгендерлікті психикалық ауытқу деп танып, заңнамалық деңгейде шектеу енгізуді ұсынған.