homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Экс-судья Сайлыбаеваның өліміне қатысты Ресей тексеру бастады

02.02.2026, 15:44

Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты Ресейдің Тергеу комитеті тексеру бастады деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкин Германияда қаза тапқан Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысы болуы мүмкін адамдардың Мәскеуде жүргені туралы ақпаратты тексеруді тапсырды. Бұған ресейлік телеарна эфирінде көрсетілген жаңалық сюжеті негіз болған.

Материалда марқұмның өліміне оның енесі мен бұрынғы күйеуінің қатысы болуы мүмкін екені айтылып, олардың Германияда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Мәскеуге жасырынуы ықтимал екені көрсетілген. Осыған байланысты Айгүл Сайлыбаеваның ата-анасы Ресей Тергеу комитетінің төрағасына жүгінген.

«Оның өліміне енесі мен бұрынғы күйеуі қатысы болуы мүмкін екені атап өтіледі. Олар Германияда қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Мәскеуде жасырынуы ықтимал. Осыған байланысты марқұмның ата-анасы Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге жүгінді. Сюжетте келтірілген уәждерге сәйкес, Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша тергеу органдары процессуалдық тексеру ұйымдастырды», – делінген жарияланымда.