homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Астанада қызылша ауруы өршіп тұр

02.02.2026, 15:35

Астанада қызылша ауруы өршіп тұр, соңғы үш аптада қалада 403 адамнан инфекция анықталған, олардың 96 пайызы – балалар, деп хабарлайлы Juzmedia.kz.

Осы жағдайға байланысты қаланың бас санитарлық дәрігері арнайы қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес, мектептерде қызылшаға қарсы екпе алмаған оқушылардың тізімі жасалады. Бұл шара эпидемиологиялық жағдайды бақылауға алып, аурудың әрі қарай таралуының алдын алу үшін қабылданған.

Сонымен қатар 6–10 айлық сәбилерді қосымша иммундаудан өткізу жоспарланып отыр. Вакцинация ата-ананың келісімімен жүргізіледі. Денсаулық сақтау органдары аталған шешімдер балалар арасындағы аурушаңдықты азайтуға бағытталғанын атап өтті.