homepage
Фото: primeminister.kz

Бектенов: бәрін де қатаң жауапкершілікке тартамыз

02.02.2026, 15:25

Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік желілерде Конституцияға қатысты жалған ақпарат таратқандарды жауапқа тартуды тапсырды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

“Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне “Заң мен тәртіп” қағидатына сәйкес жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды”, – делінген Үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді жүктеді. Үйлестіру премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға тапсырылды.