homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Bollywood шақырады: Үндістан қазақстандықтарға визасыз режим енгізді

02.02.2026, 13:09

Енді қазақстандықтар Митхун Чакрабортидің елінде 1 айға дейін визасыз жүре алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін Үндістан азаматтары Қазақстан аумағына 14 күнге дейін визасыз кіре алатын. Енді қазақстандықтарға одан да қолайлы шарт ұсынылып отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Үндістан үкіметінің бұл шешімі екі ел арасындағы өзара байланысты нығайта түспек. Жаңа талап тек туристік визаларға ғана емес, медициналық емделу және медициналық сүйемелдеу мақсатындағы визаларға да қолданылады.

Сонымен бірге, қазіргі уақытта Үндістанның бірқатар өңірінде Нипах вирусының таралуы тіркелгенін еске саламыз. Аталған вирус жануарлардан жұғады. Осыған байланысты Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті қазақстандықтарға әзірге Үндістанға бармауға кеңес берген.