homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

TikTok-та өзін «емшімін» деп жариялаған алаяқ сотталды

02.02.2026, 12:04

Елорда тұрғыны TikTok әлеуметтік желісінде аккаунт ашып, өзін “емшімін” деп жариялап, экстрасенсорлық қабілеті барын алға тартып, ақылы «емдеу» қызметтерін ұсынған деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Әлеуметтік желі арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселелерін білген ол өзін магиялық күшке ие екенін айтып, белгілі бір ақыға көмектесе алатынына сендірген.

Осы тәсілмен ол үш жәбірленушінің жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден асатын қаражатын иемденген. Тергеу барысында бұл ақшаның букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсалғаны анықталды. Мемлекеттік айыптаушы сотта айыпталушының кінәсін дәлелдейтін барлық айғақтарды ұсынды.

Сот барысында алаяқ кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынды ішінара өтеген. Сот үкімімен ол 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.