30 қаңтарда көрсетіле бастаған "Мелания" деректі фильмі премьера күні 2,9 млн доллар жинап, өз жанры үшін рекорд орнатты. Бұл туралы The Hollywood Reporter жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алғашқы болжамға сәйкес, фильм прокаттың алғашқы күндерінде 8 млн доллардан астам табыс әкелуі мүмкін. Мұндай көрсеткіш соңғы 10 жылдағы деректі фильмдер арасындағы ең жоғары нәтиже болуы ықтимал.
Фильмнің осындай табысы оны осы демалыс күндерінің кассалық көшбасшыларының қатарына шығарып отыр. Болжам бойынша, "Мелания” жалпы премьералар рейтингінде үшінші орынға көтеріліп, тіпті Джейсон Стэйтем түскен жаңа экшн - Убежищe картинасын да артта қалдырады.
АҚШ-тың бірінші ханымы Мелания Трамп туралы фильмге қатысты пікірлер екіге жарылған. Сыншылардың бағасы бойынша Rotten Tomatoes платформасында фильм небәрі 6 пайыз жинаса, көрермендер рейтингі 98 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш биылғы басты премьералар арасындағы ең жоғары нәтиже саналады.