homepage
Фото: gov.kz

Тоқаев Пәкістанға сапарлайды

02.02.2026, 10:20

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3–4 ақпан күндері Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады деп хабарлайды Juzmedia.kz Aқордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шариф және ел Президенті Асиф Әли Зардаримен келіссөздер өткізеді. Кездесулер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ-пәкістан бизнес-форумының жұмысына қатысуы жоспарланып отыр.