homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Жапонияда табиғаттың тосын мінезінен қаза тапқандар саны артты

01.02.2026, 12:29

Жапонияның солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерінде қатты боран болып, 18 адам қаза тапты, 267 адам жарақат алды, деп хабарлайды Juzmedia.kz. Елдің синоптикері табиғаттың бұл құбылысын рекорд деп бағалап отыр. 

Жапон билігі табиғи апат салдарынан болған адам шығыны мен келтірілген залалды 20 қаңтардан бері ресми түрде есептеп келеді. Сол күні елде қарлы бұрқасынның алғашқы толқыны басталған. Ал екінші толқын 25 қаңтарда болды. Бұл деректерді Жапонияның өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлармен айналысатын агенттігі жинайды. агенттіктің мәліметінше, қыс басталып, қарлы боран соққалы табиғаттың қолайсыздығынан 23 адам қаза тапқан. 

Соңғы аптада Жапонияның солтүстік аймақтарына қарлы боранның екінші толқыны соққан. Аомори префектурасындағы Хаккода тау жотасында қардың қалыңдығы 4,6 метрден асса, елдің ең солтүстігіндегі Хоккайдо аралының әкімшілік орталығы Саппорода қар жамылғысы 1,1 метрден артқан.

Қолайсыз ауа райы көлік қозғалысын тұралатып, бірқатар теміржол бағыттарында пойыз қатынасы тоқтаған. Әсіресе Саппоро қаласын Син-Титосэ әуежайымен байланыстыратын желілердің жабылуы салдарынан мыңдаған жолаушы бірнеше күн бойы әуежай терминалында қалып қойған. Жалпы көлік дағдарысы шамамен 481 мың адамға әсер еткен.