homepage
Фото: ҚР Теннис федерациясы

Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

31.01.2026, 19:49

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 2026 жылғы Australian Open турнирінің жеңімпазы атанып, финалда әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді.

Елена Рыбакина Аринаға қарсы алғашқы сетті 6:4 есебімен жеңді. Екінші сет 4:6 есепте Соболенканың пайдасына шешілді. Соңғы кезеңде қазақстандық спортшы есе жіберіп келе жатып, 4:6 нәтижесімен жеңісті жұлып әкетті.

Жеңіліске қарамастан, Арина Соболенко әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалады. Ал Рыбакина әлемдік рейтингте бесінші орыннан үшінші орынға көтеріледі.

Осылайша, Елена Рыбакина Australian Open турнирін жеңіп алған Қазақстан тарихындағы алғашқы теннисші атанды.