Жаңаөзенде әйелін өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жазды деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал туындап, соның салдарынан 44 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмған.
“Марқұмның күйеуі күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің “Адам өлтіру” бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді полиция департаменті.
Әлеуметтік желілерде ерлі-зайыптылардың жеті баласы бары жазылып жатыр.