homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Президент волонтерлерге қатысты құжат әзірлеуді тапсырды

30.01.2026, 15:50

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке волонтерлік қозғалысты дамытуға арналған 2030 жылға дейінгі жаңа құжат әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы ол Волонтерлер форумында айтты деп хабарлайды Juzmedia.kz.

«Волонтерлікті дамыту үшін мемлекет деңгейіндегі жаңа жүйелі шаралар қажет. Биыл еріктілер ісін дамытуға арналған үш жылдық Жол картасын іске асыру мерзімі аяқталады. Сондықтан Үкімет 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды құжат әзірлегені жөн», – деді мемлекет басшысы.

Ресми дерекке сүйенсек, Қазақстанда 2020 жылы волонтерлер саны 50 мың адамды құраса, қазір олардың қатары 300 мыңға жеткен.