homepage
Фото: ашықдереккөз/көрнекі сурет

Сатып алу автоматтандырылмақ

30.01.2026, 14:55

Енді бағасы негізсіз жоғары көрсетілген мемлекеттік сатып алулар автоматты түрде кері қайтарылады. Бұл туралы бүгін Қаржы вице-министрі Дәурен Кенбейіл мәлімдеді, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Оның айтуынша, заңбұзушылықтар көбіне конкурстық құжаттаманы дайындау кезінде жіберіледі. Тауарларға қойылатын талаптар мен олардың құны әдейі асыра көрсетіледі. Қазіргі таңда мұндай фактілерді құзырлы органдар қолмен анықтап келеді. Енді бұл процесс толығымен автоматтандырылмақ. 

Ол үшін Қаржы министрлігі баға деректер базасымен байланыстырылған тауарлардың ұлттық каталогын әзірлеуде. Аталған каталог енгізілгеннен кейін құны қолдан әдейі көтерілген мемлекеттік сатып алулар жүйеде мүлде жарияланбайтын болады.