Шығыс Қазақстан облысында бірден екі шенеунік жемқорлық жасады деген күдікке ілініп, қамауғв алынды. Бірі – жол жөндеушілер мен автобус паркінен пара алып келсе, екіншісі – мұғалімдерге аттестациялан өтуде “көмек” көрсеткен, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы жол салатын компаниялар мен автобус паркінен 134 млн теңге пара алғаны анықталды. Үйін тінту барысында 122 млн теңге мен 97,7 мың доллар табылды.
Жемқорлыққа қатысты тағы бір іс білім саласында қозғалды. Білім сапасын қамту департаментінің басшысы ұстаздарға мемлекеттік аккредитациядан өтуге септесіп, сол үшін де ақша алып келген.
Екі шенді де қамауға алынды.