Облыстық полиция департаменті жасөспірімнің қайтыс болғанын растады. Құзырлы орган мәліметінше, қазір оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Алдын ала дерек бойынша, жасөспірім жаттығу барысында кенеттен өзін жайсыз сезінген. Тиісті тексеру аяқталған соң процессуалдық шешім қабылданады.
“Halykstan” телеграм арнасының жазуынша, қайғылы оқиға Қосшы қаласындағы мәдени-спорттық кешенде болған. Басылым марқұм қыздың тыныс алу жолдары ауруына байланысты есепте тұрғанын да жазды.