homepage
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақ пен қырғызға тіл тигізген Ресей азаматына сот шешімі шықты

30.01.2026, 10:27

Санкт-Петербордың Ленин аудандық соты әлем чемпионы Дмитрий Биволдің бұрынғы жұбайы Екатерина Биволге қатысты істі қарап, оны қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізіп, ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп таныды. Сот шешімімен оған 60 сағат мәжбүрлі жұмыс жазасы тағайындалды деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұған дейін Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволды халықаралық іздеуге жариялаған. Ал Қырғызстан оны сырттай қамауға алу туралы шешім шығарған. Қос ел де оны қылмыстық баптар бойынша жауапқа тарту үшін экстрадициялауды талап етіп отыр.