homepage
фото: коллаж Juzmedia

Үкімет Ұлттық қорға қол сұқты: 1 млрд доллар алмақ

29.01.2026, 23:57

Жыл басталмай жатып Үкімет ұлттық қорға қол сұқты. 1 млрд доллар алмақ. Осынша қаржыны экономиканың шикізаттық емес салаларына инвестициялауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова мәлімдеді. Үкімет бұл қаражатты бірнеше бағытқа бөліп инвестицияламақ. Атап айтқанда, 500 млн долларға дейінгі сомаға компаниялардың үлесі сатып алынбақ, яғни жеке капиталға жұмсалады, 200–250 млн доллар жол, көлік, логистика сияқты инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға бағытталады. 200 млн долларға дейін қаржы кәсіпкерлерге пайызбен қарызға беріледі. Сонымен қатар, болашақта 50–100 млн долларды жаңа технологиялар мен стартаптарды қолдауға, яғни венчурлық капиталға инвестициялау жоспарланып отыр.

Қаржыландыру негізінен жоғары технологиялық және әлеуметтік маңызы бар салаларға бағытталады. Басым бағыттар қатарында цифрландыру және жасанды интеллектті дамыту, логистика мен көлік, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы және цифрлық инфрақұрылым бар.