homepage
helpmegrowwa.org

«Картоп емес, адам сатып жатырмын»: нәрестесін 7 млн теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

08.12.2024, 12:34

Өзбекстанның Сұрқандария облысында өз баласын сатып, баспана алмақ болған 23 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Upl.uz басылымының жазуынша, қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жас ана сатып алушымен келісім жасасып, оған 2024 жылы туған қызын 15 мың долларға (7,6 миллион теңге) сатпақ болған.

Әйел сатып алушыға нәрестесін қайтаруды талап етпейтіні туралы қолхат беріп жатқан кезде ұсталды.

«Оның «Мен картоп емес, адам сатып жатырмын, сондықтан 15 мың доллардан түспеймін» деген сөзі жұртшылықтың жағасын ұстатып, тасжүректік пен немқұрайлылықтың символына айналды»,-  деп жазады басылым.

Термез қалалық соты оны кінәлі деп тауып, алты жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады.

Медициналық тексеруден кейін бала Жарқорған аудандық әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жіберілді.