homepage
Фото: Ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

ІІМ алкоголь саудасын шектеуді қолдайды

29.01.2026, 13:34

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстанда алкоголь өнімдерінің айналымын қатаңдату жөніндегі ұсынысқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі бұл бастаманы толық қолдайды.

«Министрлік бұл ұсынысты екі қолдап қолдайды. Бүгінгі таңда қылмыстардың өте үлкен бөлігі ішімдік ішу, масаң күй, бірге арақ ішу салдарынан жасалып отыр. Тұрмыстық кісі өлтірулердің басым бөлігі де осының салдары», – деді Игорь Лепеха.

Ол ІІМ тарапынан түнгі уақытта алкоголь сатуға тыйым салу, ішімдікті тек арнайы дүкендер арқылы сату, сондай-ақ ойын-сауық орындарында спирттік ішімдік сату уақытын шектеу жөнінде бірнеше рет ұсыныс жолданғанын айтты.

«Алайда қазір бұл бастамалардың барлығы ұсыныс деңгейінде қалып отыр. Бұл бағыттағы кез келген бастаманы біз қолдаймыз. Ал мұндай норманың қабылдануы қабылданбауы, қандай мерзімде және қандай форматта енгізілетіні – Мәжіліс шешетін мәселе», – деп түйіндеді ол.