28 қаңтар күні түстен кейін Шымкент қаласында жолда кетіп бара жатқан әйел адамға пышақпен шабуыл жасалып, ол оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті жәбірленушіге өзара жеке жақтырмаушылық негізінде бірнеше пышақ жарақатын салған. Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабар берген.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстаған. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткендіктен, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған.
Күдікті ауруханада жатыр, оны полиция күзетіп отыр. Тергеу амалдары басталды.