Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Осыған дейін бұл лауазымды атқарып келген Руслан Желдібай қызметінен босатылды.
Айбек Смадияров 2025 жылдың желтоқсанында Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалған болатын. Оған дейін ол бірнеше жыл бойы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ретінде жұмыс істеді.