homepage

Ұжымы видео жариялады: Ақтауда өзін өртеген ер адамның жағдайы туралы айтылды

Juzmedia. kz
08.12.2024, 14:48

Ақтауда дәрігерлер өзін өртеген жұмысшының өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Juzmedia.kz.

Облыстық көпсалалы аурухана әкімдік ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберген ер адам туралы мәлімет берді.

ДӘРІГЕРЛЕР ПІКІР БІЛДІРДІ

Lada.kz жазуынша, реанимация дәрігерлері науқастың әлі жансақтау бөлімінде жатқанын мәлімдеген.

«Жағдайы өте ауыр. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Оның денсаулығында қазірше оң динамика байқалған жоқ», - делінген хабарламада.

Сол себепті де дәрігерлер әзірге ешқандай болжам айта алмады.

ӨЗІН-ӨЗІ ӨРТЕГЕН ТҰРҒЫННЫҢ ҰЖЫМЫ НЕ ДЕЙДІ?

Әкімдік ғимараты алдында өзін-өзі өртеп жіберген ер адамның ұжымдастары оқиғаға қатысты пікір білдірді. Олардың видеосы жергілікті Instagram пабликтердің бірінде жарияланды.

Серіктестік қызметкерлері айтқандай, олардың өтінішін аудан әкімі тыңдамаған. Олар «ҚазМұнайГазға» жұмысқа тұруға өтініш білдірген.

Қайғылы оқиға болған күні, яғни 5 желтоқсанда олар облыс әкімдігінің шенеуніктеріне Астанадағы жоғағы органдарға шағымданатынын ескерткен.

«Біз жағдайдың бұлай өзгеретінін күткен жоқпыз. Оқиғаға өкінеміз. Бауыржан әкімдікке тек өтінішпен барған болатын, бәріміз де талабымызды әкімдіктегілер тыңдаса деп тілеп едік. Ал соңы осындай болғанына, жанұясының осындай қиындыққа тап болғанына өкінеміз», - дейді зардап шеккен азаматтың ұжымдастары.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Еске салсақ, облыс әкімдігінің ғимаратына келіп, әкімнің жеке қабылдауын талап еткен ер адам талабы орындалмаған соң ғимарат алдында өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Дереу жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген оның жағдайы ауыр деп бағаланапы отыр.

Аталған оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Желіде ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарағанымен, оның жалған екені айтылды.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.