Үндістанда Нипах вирусын жұқтырған екі адам көз жұмды, ал шамамен 200 адам карантинге жабылды, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Жеміс жарқанаттары мен шошқалар арқылы тарайтын бұл қауіпті инфекция алғашында дене қызуының көтерілуі, тамақтың ауыруы мен жөтелден басталады. Ауру асқынған сайын тыныс алу қиындайды. Кейін вирус миға өтіп, қабыну туғызады да, науқас комаға түсуі мүмкін.
Мамандардың айтуынша, Нипах вирусының өлім-жітім көрсеткіші өте жоғары – 40–75 пайызға дейін жетеді. Инфекция адамнан адамға жұғуы мүмкін, бірақ көбіне науқаспен ұзақ әрі тығыз байланыста болған адамдардан ғана анықталады. Вирусологтар жалпы халық үшін қауіп деңгейі төмен екенін атап өтті. Қазіргі уақытта Нипах вирусына қарсы бірнеше вакцина әзірленіп, сынақ кезеңінен өтіп жатыр.
Үндістандық мамандар бұл инфекцияның аса қауіпті екенін үш негізгі себеппен түсіндіреді: арнайы емдеу тәсілі жоқ, тиімді дәрі-дәрмек әзірленбеген және оған қарсы тіркелген вакцина әлі қолданысқа енгізілмеген.