homepage
фото: Қайрат футбол клубы

"Қайрат" Чемпиондар лигасымен қоштасты

29.01.2026, 04:05

Алматылық “Қайрат” әлемдегі беделді футбол клубтарының бірі ”Арсеналмен” Лондонда кездесіп, 3:2 есебімен есе жіберді. Осылайша Чемпиондар лигасында 1 ұпай жинап, маусымды аяқтады, деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Ағылшын клубы сапында Виктор Дьекереш 3-минутта есеп ашса, Кай Хаверц 15-минутта гол соқты. Ал 36-минутта Габриэл Мартинелли мергендігімен көзге түсті.

“Қайраттың” алғашқы голын 7-минутта пенальтиді сәтті орындаған Жоржинью автор атанды. Қонақтардың екінші добы қосымша уақытта соғылды — 90+3 минутта Рикардиньо дәл соққы жасады.

Жалпы кезең нәтижесінде алматылық ұжым бар болғаны бір ұпай еншілеп, 36-орынға жайғасты. Алайда, қазақстандық жанкүйерлер “Қайраттың” бұл жеңілісіне мойымай, керісінше қолдау білдіріп жатыр.