Белгілі ресейлік журналист, “вДудь” YouTube каналаның авторы Юрий Дудь Қазақстанға неге келе алмай жүргенін түсіндірді. Ол Қазақстанға ұшып келсе, жергілікті билік Ресейге ұстап беруі мүмкін деген күдігін айтты, деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Ресейлік стендап-комик Александр Незлобинмен сұхбаты барысында журналист Ресейде ол сырттай 1 жыл, 10 айға сотталғанын айтады.
“Сондықтан да, Қазақстанға бара алмай қиналып жүрмін. Ал, ол елде ерекше энергия бар, шығармашылық энергия бар. Бірақ, Ресейге ұстап беруі мүмкін”, – дейді Ю.Дудь.
Оның бұл ойын ресейлік әзілкеш Александар Незлобин да іліп әкетіп, Қазақстанға стендап-кеш ұйымдастыруға да жүрексініп жүргенін жеткізді.
Юрий Дудь Ресейдің Украинаға қарсы соғысын айыптап, қарулы қақтығыс басталған соң елден кеткен. Содан бері елден кетуге мәжбүр болған өзге замандастарынан сұхбат алып, 10 млн астам жазылушысы бар YouTube каналында жариялап жүр. Ол бұған дейін қазақстандық “Ирина Қайратовна” тобымен, режиссер Айсұлтан Сейітовтен, қазақстандық стендап-комик Нұрлан Сабыровтан сұхбат алған болатын.