homepage
фото: ашық дереккөзден/Көрнекі сурет

Астанада көпірде үш көлік соқтығысып, 2 адам қаза тапты

29.01.2026, 02:26

Астанадағы Сарайшық көпірінде кеше кешкісін жол-көлік апаты болып, 2 адам қаза тапты деп хабарлайды Juzmedia.kz. 

Оқиғаның мән-жайын қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Toyota автокөлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі бағытынан келе жатып, көпір үстінде көлікті басқара алмай, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы бағытта келе жатқан Lada және Skoda автокөліктерімен соқтығысқан», – делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан екі адам қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.