homepage
Фото: ашық дереккөзден

Конституция мәтінінің 84% өзгереді

28.01.2026, 17:43

Ата заң мәтінінің 84 пайызы өзгереді. Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық реформа комиссиясының мүшелеріне Ата заңға енгізілетін өзгерістердің жиынтық жобасын таныстыру кезінде осылай деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, өзгерістер мен толықтырулар Конституцияның барлық бөлімдерін қамтып, 77 бап түзетілген. Бұл Конституция мәтінінің 84 пайызын құрайды.

Бақыт Нұрмұханов мамандар Конституция нормаларын дұрыс әрі түсінікті жазу, мағыналық сәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтарды болдырмау үшін ауқымды жұмыс жүргізгенін атап өтті.