homepage

Министр астық экспортын тоқтату туралы Россельхознадзор әрекетіне қатысты пікір білдірді

Juzmedia. kz
03.10.2024, 15:59

Қыркүйекте Россельхознадзор Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігіне астық пен өңделген өнімдеріне, қызанақ пен бұрышқа, сондай-ақ Ресейге экспортталатын күнбағыс тұқымдарына фитосанитарлық сертификат беруді тоқтатуды сұрап жүгінген.

«Иә, рас, біз Россельхознадзордан тиісті өтінішті қыркүйектің ортасында алдық, олардан  анықталған бұзушылықтар туралы растайтын фактілерді сұратып кері зат жолдадық. Анықталған зертханалық зерттеулер мен осы жұмыстардың нәтижелері бойынша тиісті актілерді қабылдауды сұрадық», - деді вице-министр Сенатта өткен брифингте.

Ермек Кенжеханұлының айтуынша, Қазақстан тарапы әлі жауап алған жоқ.

«Тиісті негіздемелер, іс жүзінде бұл бұзушылықтардың бар екендігі туралы дәлелдемелерді алғаннан кейін ғана тиісті өтініш береміз, өйткені бізде нақты жауаптар жоқ», - деп қорытындылады ресми өкіл.

Juzmedia

«Juzmedia» - ақпараттық-ағартушылық портал. Қазақ қоғамының өсуі, өзгеруі тұсында болып жатқан құбылыстарды мүлт жібермейтін сенімді ақпарат көзі. Атауына қатысты түсініктеме бере кетсек: Елде болып жатқан әр іс-әрекеттің сыртында адам, адамның бет-бейнесі, ЖҮЗІ бар. Яғни, жауапкершілігі, ар-ожданы деген сөз. Мейлі қарапайым адам, мейлі шенеунік осы түсінік аясынан алшақтамаса.