«Қазғарыш» 2026 жылды Байқоңырға сапар жылы деп жариялады. Соның аясында балаларға арналған ғарыштық лагерь ашылады деп хабарлайды Juzmedia.kz.
Қалаға кіреберісте орналасқан Төретам кентінде ресми визит-орталық ашылады. Мұнда туристер, оқушылар мен шетелдік делегациялар ғарыш нысандарына рұқсат алып, экскурсия маршруттарын және сапар қауіпсіздігін бір жерден рәсімдей алады.
Байқоңырда ашылатын ғарыштық лагерьде балалар зымыран құрастыруды, ғарыш тарихын және инженерлік негіздерді тікелей ғарыш айлағында үйренеді.
Сонымен қатар демалыс күндеріне арналған турлар іске қосылады. Енді Байқоңырға бару Қазақстандағы басқа туристік қалаларға барғандай жеңіл болады.