homepage
Фото: gov.kz

Жаңа министр тағайындалды

27.01.2026, 16:44

Асқарбек Маратұлы Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. 

Асқарбек Ертаев 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, "Нұр" Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

2025 жылғы 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып қызмет атқарды.